Жаңартылған Microsoft Authenticator бағдарламасымен танысыңыз! Бір бағдарлама идентификацияңызды барлық тіркелгілеріңіз үшін онлайн режимінде жылдам және сенімді түрде тексереді.
Көбінесе екі қадамды тексеру немесе көп факторлы аутентификация деп аталатын бұл бағдарлама жүйеге кірген кезіңізде қорғаныстың қосымша деңгейін қамтамасыз етеді. Егер бұл мүмкіндікті жұмыс немесе оқу Microsoft тіркелгілеріңіз үшін қоссаңыз, жүйеге кіру әрекеті жасалғаннан кейін осы бағдарламадан хабарландыру аласыз. Жай ғана растаңыз және сіз жұмысқа дайын боласыз. Кез келген басқа тіркелгі үшін немесе офлайн режимінде болсаңыз, ендірілген қауіпсіздік кодының генераторы сізді қауіпсіздендіреді.
Жаңа мүмкіндіктер мен бағдарламаның жаңартылған дизайны Windows 10 мерейтойлық жаңартуын орындаған жағдайда ғана қолжетімді болады. Жаңартылмаған жағдайда, жұмыс және оқу орнының тіркелгілері үшін бағдарламаның екі қадамнан тұратын тексеруін ғана қолдайтын ескі нұсқасын аласыз.
Бұл жаңа бағдарлама Azure Authenticator, Microsoft тіркелгісін және Multi-Factor Authentication бағдарламаларын алмастырады.