Microsoft To Do — бұл күніңізді жоспарлауды жеңілдететін қарапайым және интеллектуалды тапсырмалар тізімі. To Do бағдарламасы жұмыста, оқуда немесе үйде жұмыс өнімділігін арттыруға және стресс деңгейін төмендетуге көмектеседі. Қарапайым күнделікті жұмыс процестерін жасауға мүмкіндік беретін бұл бағдарламада интеллектуалды технологиялар мен тартымды дизайн ұштастырылған. Өз күніңізді To Do бағдарламасының смарт-ұсыныстары арқылы ұйымдастырып, аса маңызды тапсырмаларды немесе күнделікті орындалуы қажет үй жұмыстарын орындаңыз. To Do бағдарламасы телефон мен компьютер арасында синхрондалады, сондықтан тапсырмалар тізіміне мектептен, кеңседен немесе дүкеннен немесе тіпті жаһанды кезіп жүрген кезде қатынасуға болады.
Тапсырмаларды жол үстінде жылдам қосуға, реттеуге және жоспарлауға болады. Естен шықпауы қажет маңызды тапсырмалар үшін еске салғыштар мен орындалу мерзімдерін қосыңыз, бағдарлама оны жадында сақтайды. Егер күнделікті, ай сайын немесе жыл сайын орындалуы қажет тапсырмаларға құсбелгі қойып белгілеу қажет болса, ол туралы үнемі еске салатын қайталанатын мерзімдерді орнатуға болады.
Сондай-ақ, To Do бағдарламасын әр тапсырмаға толық мәліметті қамтитын жазбаларды, мысалға, мекенжайлардан бастап, оқығыңыз келетін кітабыңыз және сүйікті кафеңіздің веб-сайты туралы мәліметтерге дейін жазбалар жасауға арналған бағдарлама ретінде пайдалануға болады. Көбірек жетістікке қол жеткізу үшін, тапсырмалар мен жазбалардың барлығын бір жерге шоғырландыра аласыз.
Өміріңіздің қай саласында өнімділікті арттырғыңыз келеді? Әр тапсырмаға түспен белгіленген тізім жасауға болады. Енді үй жұмысын бір тізімге, ал сатып алу қажет азық-түлікті басқа тізімге және үй жобалары мен өз қолыңызбен жасалатын жобаларды қосымша тізімдерге жылдам қосуға болады. Тізімдерді өмір салтыңызға сай қалағаныңызша жасауға болады. Егер GTD (Дэвид Алленнің «Getting Things Done» (Жұмыстарды жүзеге асыру) әдістемесі) сияқты өнімділік жүйесін ұстансаңыз, «Күндердің бір күнінде орындалуы тиіс» немесе «Рет ретімен орындалуы тиіс» тізімді жасай алатын боласыз. To Do бағдарламасы сізге осы аптаға немесе алдағы 5 жылға қойылған мақсаттар бойынша көмектесуге арналған.
Әр таңды күн барысында назар бөлуді қажет ететін тапсырмаларды жоспарлаудан бастап, өзіңізге алдағы күні өнімділікті тиімді түрде арттыруға серпін беріңіз. Тапсырмалар тізіміне арналған осы бағдарламаны тегін жүктеп алып, пайдалануға болады. Бұл бағдарлама реттелетін тақырыптарды, жазбаларды, еске салғыштарды орындалу мерзімдерін, смарт-ұсыныстарды және бірнеше құрылғыларды синхрондау мүмкіндігін қамтиды. Бір сөзбен айтқанда, өміріңізді басқару және көбірек тапсырмалар орындау үшін қажеттінің барлығын қамтиды. Тапсырмалар мен үй жұмыстарын орындау процесі бұрын-соңды мұндай оңай болмаған. Тапсырмаларды To Do бағдарламасы арқылы орындау жанға жағымды үрдіске айналды. Бұл — күнделікті қолданылатын құрылғылардың қатарына қосып қою қажет тапсырмаларды басқаруға арналған құрал.
To Do бағдарламасы туралы қосымша мәліметті https://to-do.microsoft.com сайтынан қараңыз.
To Do бағдарламасы барлық тапсырмаларды бір орында басқаруды жеңілдету үшін Outlook тапсырмаларымен жұмыс істейді. Outlook тапсырмасында болсаңыз немесе To Do бағдарламасын пайдаланып жатсаңыз да, тапсырмалар мен тізімдер әрдайым сіз үшін қолжетімді болады.