GroupMe - достарыңызбен және отбасыңызбен жылдам әрі оңай байланысудың тегін және қарапайым жолы.
Сауық кеш ұйымдастырыңыз, достарыңызбен және отбасыңызбен байланыста болыңыз, іс-шаралар жоспарлаңыз немесе әріптестеріңізбен бірлесіп жұмыс істеңіз. Осының барлығын бір жерден орындаңыз.
GroupMe бағдарламасы кез келген жерде байланыста болуыңыз үшін Windows, iOS, Android жүйесінде және веб-браузерде де жұмыс істейді.
GroupMe бағдарламасы сіз білетін барлық топтарға арналған
“Lifechanger.... теңдесі жоқ нәрсе” - Gizmodo
• ТЕГІН СӨЙЛЕСУДІ БАСТАУ
Бұл қолданбамен кез келген адамды телефон нөмірі немесе электрондық пошта мекенжайы арқылы топқа қосу өте оңай.
• WINDOWS ЖҮЙЕСІМЕН БІРІКТІРІЛГЕН
Топтарыңызды "Адамдар" бағдарламасынан тікелей көріп, хабарларға интерактивті хабарландырулармен жауап бере аласыз. Басқа бағдарламалардағы фотосуреттер мен сілтемелерді топтарыңызбен ортақ пайдаланыңыз.
• БАРЛЫҒЫН БАҚЫЛАУДА ҰСТАУ
Қашан және қандай хабарландыруларды алатыныңызды таңдаңыз. @Атап өтулер тек сізге арналған хабарларды табуға көмектеседі. Егер чаттың дыбысы тым шуылдап кетсе, оны өшіре не кейінге қалдыра аласыз.
• КӨҢІЛІҢІЗ ҮНЕМІ КӨТЕРІҢКІ БОЛАДЫ
Біздің эксклюзивті emoji эмотикондарын қызықтап, эмоциялық кескіндер жасаңыз және GIF кескіндері мен бейнелерді тауып, бөлісіңіз. Осының барлығына GroupMe бағдарламасынан тікелей қол жеткізіңіз.
• ОҢАЙ БІРЛЕСІП ЖҰМЫС ІСТЕУ
Топтарыңызбен іс-шараларды ұйымдастырып, бөлісіңіз. Кімнің қатысқанын және хабарларыңызды кім ұнатқанын бақылаңыз.
• КЕЗ КЕЛГЕН ЖЕРДЕ, КЕЗ КЕЛГЕН УАҚЫТТА СӨЙЛЕСУ
Үйіңіздегі компьютерде отырсаңыз да немесе сыртта жүрсеңіз де, смартфон не планшет арқылы оңай байланыста бола аласыз.
Оқу орнында немесе кеңседе болсаңыз да, GroupMe бағдарламасы жақын адамдарыңызбен байланыста болуыңызға және барлығынан хабардар болып отыруыңызға мүмкіндік береді.
GroupMe қызметімен бірге тобыңызды бүгін шоғырлаңыз.
Пікіріңізді білгіміз келеді.
Эл. пошта: support@groupme.com
Twitter: @GroupMe
Facebook: facebook.com/groupme
ЕСКЕРТПЕ: SMS арқылы сөйлесу әзірше тек АҚШ-та ғана қолжетімді Мәтіндік хабар алмасудың стандартты бағасы қолданылады.
Құпиялылық саясаты: https://groupme.com/privacy
Нью-Йоркта махаббатпен жасалған
Skype тобының мүшесі