RAW КЕСКІНІ КЕҢЕЙТІМІНІҢ ОСЫ НҰСҚАСЫ БАСҚА ҚАТЕЛЕРДІ ТҮЗЕТУГЕ ҚОСЫМША CR3 ФАЙЛДАРЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ МҮМКІНДІГІН ҚАМТИДЫ!
Raw кескінінің кеңейтіміне қызығушылық танытқаныңыз үшін рақмет. Құрылғыларыңызда орнату үшін кеңейтімді алуыңызға болады, бірақ бұл кеңейтімді орнатуға Windows 10 жүйесінің 2019 ж. мамырындағы жаңартуы (нұсқа нөмірі - 1903) талап етіледі.
Raw кескінінің кеңейтімі көптеген орташа және жоғары технологиялы сандық камералармен жасалған өңделмеген файл пішімдерінде түсірілген суреттерді көру үшін орнатылған қолдау мүмкіндігін қосады. Буманы орнату арқылы, қолдау көрсетілетін өңделмеген файл пішімдерінің нобайлары мен метадеректерін тікелей Windows жетектеушісінде көру немесе суреттерді Фотосуреттер бағдарламасында қарау мүмкін болады. Кеңейтімнің ағымдағы нұсқасы камералардың көптеген түрлеріне қолдау көрсетеді, дегенмен, .CR3 және .GPR сияқты кейбір Raw пішімдеріне қазіргі сәтте қолдау көрсетілмейді.
Бұл буманы әзірлеу libraw ашық бастапқы коды бар жобаның арқасында мүмкін болды (http://www.libraw.org). Қолдау көрсетілетін камералардың тізімін https://www.libraw.org/supported-cameras сайтынан қарап шығыңыз. Libraw кітапханасы 1.0 нұсқасындағы ӘЗІРЛЕУГЕ ЖӘНЕ ТАРАТУҒА БЕРІЛЕТІН ЖАЛПЫ ЛИЦЕНЗИЯНЫҢ аясында лицензияланады (CDDL-1.0)
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ – осы кеңейтіммен бірге берілетін Raw кодегі іске қосылу үшін Windows жүйесіне өзгерістер енгізуді талап етеді. Windows 10 жүйесінің 2019 ж. мамырындағы жаңартуы (нұсқа нөмірі - 1903) не одан кейінгі нұсқасы қажет. Егер кеңейтімді орната алмай жатсаңыз, онда құрылғыңыз осы кеңейтімді іске қосу үшін қажетті ең төменгі Windows құрастырылым нөміріне сай келмейтін Windows нұсқасында іске қосылған. Осы кеңейтімді орнату үшін, құрылғыңызды Windows жүйесінің ең соңғы нұсқасына жаңарту мүмкіндігін қарастырыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ – бұл кеңейтім бағдарлама ЕМЕС – онымен тікелей өзара әрекет жасау мүмкін емес. Ол өңделмеген кескіндерді кодсыздандыру үшін Windows бағдарламаларымен, оның ішінде Жетектеуші мен Фотосуреттер бағдарламасын қоса алғанда, пайдаланылатын ОЖ кодегінің қосылатын модулін орнатады. Кеңейтімді орнатып болғаннан кейін, қолдау көрсетілетін камералардан нобайларды көру үшін Жетектеушіні немесе өңделмеген кескіндеріңізді көру үшін Фотосуреттер бағдарламасын пайдаланыңыз.
.