Microsoft 365 бағдарламасы – жұмыс өнімділігін арттыратын барлық бағдарлама мен мазмұнды орналастыратын жер. Енді мазмұныңызды табудың, жасаудың, бөлісудің және сақтаудың жаңа әдістерін қолдана аласыз. Олардың барлығы бір жерде орналасқан. Жұмыстағы, мектептегі немесе жеке Microsoft тіркелгіңіз арқылы кіріп, компьютерге арналған тегін бағдарламаны бүгін қолдана бастауыңызға болады.
Microsoft 365 бағдарламасы арқылы:
• Назарыңызды тапсырмаларға шоғырландырып, сізбен бөлісілген немесе басты бетте жақында өңделген құжаттарды жылдам аша аласыз.
• Word, Excel, PowerPoint, Clipchamp және т.с.с. бағдарламаларда тегін үлгілерді пайдаланып, кез келген жоба немесе жағдай үшін әдемі мазмұн жасауыңызға болады.
• Файлдарыңызды тауып алыңыз да, құрылғыларыңыздың барлығында автоматты түрде мазмұнның резервтік көшірмелерін жасайтын OneDrive қызметінің 5 ГБ тегін бұлттық сақтау орнына сақтаңыз.
• Microsoft Teams, Word, Excel, PowerPoint, Outlook, OneDrive, OneNote, Visio және т.с.с. өзіңізге ұнайтын Microsoft 365 бағдарламаларын бір жерден ашыңыз.