Тартымды жаңалықтар, презентациялар және құжаттарды бірер минуттың ішінде-ақ жасаңыз.
-- Контентті кез келген жерден еш қиындықсыз қосыңыз --
Sway бағдарламасы құрылғыңызбен, әлеуметтік желілермен және интернетпен біріктірілген, сондықтан фотосуреттерді, бейнелерді және басқа мультимедиалық файлдарды еш қиындықсыз қоя аласыз.
-- Контент бойынша ұсынылған іздеу нәтижелерін қараңыз -
Sway бағдарламасы қатысты кескіндерді, бейнелерді және басқа да контентті табуға көмектесетін іздеу нұсқаларын ұсынады. Соның арқасында қажет контентті тікелей презентацияңызға сүйреп апара аласыз. Қажетті материалды табу үшін, бағдарламалар мен веб-беттерді ақтарып отырудың қажеті жоқ.
-- Ыңғайлы дизайндарды пайдаланып, бағалы уақытыңызды үнемдеңіз --
Sway бағдарламасының дизайндар жиынтығы презентацияңызды көз еліктірер етіп безендіреді. Содан соң бір-екі жерін сәндеп жіберсеңіз болғаны.
-- Аудиторияңызды онлайн кенептердің көмегімен еліктіріңіз --
Sway бағдарламасының динамикалық бейімделгіштігінің арқасында презентацияны кез келген экранда көрсетіп қана қоймай, кәдімгі URL мекенжайы арқылы ортақ пайдалануға және бірлесіп өңдеуге болады.
-- Office 365 қызметіндегі Sway бағдарламасымен тиімді жұмыс істеңіз --
Файлдарды OneDrive тіркелгісінен оп-оңай қосыңыз және бір-екі ғана түймешікті басып, Word немесе OneNote бағдарламасындағы контентті динамикалық Sway презентациясына айналдырыңыз.