Орыс тілінен қазақ тіліне және кері бағытта аударма жасауда теңдесі жоқ көмекші құрал!
LimeOn Global Company компаниясы жасап шығарған SOYLEM Электрондық аударма жүйесі морфология және грамматика ережелерін сақтай отыра, күрделілігі және салалық түрлілігімен ерекшеленетін кез-келген мәтіндерді орыс тілінен қазақ тіліне тез әрі дәл аударуды біршама жеңілдететін сенімді құрал ретінде өзін көрсетті.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті SOYLEM электрондық аудармашысын қолдануды мақұлдады.
Бағдарлама әр түрлі қолданушылар санаттары үшін бірнеше редакцияда шығарылады: оқушылар мен студенттер, сонымен қатар, кәсіби аудармашылар үшін.
SOYLEM – үлкен жетістіктерге жетіп отырған қазақстандық бағдарламалық өнімдердің алғашқыларының бірі, тіркелген тауарлық марка және авторлық құқықтар объектісі, ал мүліктік құқықтарға компанияның өзі ие болып келеді.