КӨҢІЛДІ ойындардың 30 жылдығының құрметіне БАРЛЫҚ УАҚЫТТАҒЫ ең көп ойналған бейне ойынын ойнаушылар қатарына қосылыңыз! Бір бағдарламадан ҮЗДІК Solitaire карта ойындарын табасыз: Klondike Solitaire, Spider Solitaire, FreeCell Solitaire, TriPeaks Solitaire және Piramid Solitaire! Қарапайым ережелер мен қарапайым ойынның арқасында Microsoft Solitaire Collection 8 бен 108 жас аралығындағы кез келген ойыншыға қызық.
Классикалық ойыннан рақат алыңыз, алғырлығыңызды ұштаңыз немесе Жинақтар, Күнделікті тапсырмалар, Шаралар және Марапаттар сияқты мүмкіндіктермен өзіңізді сынаңыз. Solitaire ойнау қабілетіңізді сынау үшін 75-тен астам Жетістікті ашып, жоғары Ойыншы ұпайына қол жеткізіңіз. Ойнаудың көп жолы бар, таңдау сізде!
Klondike Solitaire:
• Klondike Solitaire — бұл барлық ескірмейтін классикалық карта ойындарының патшасы
• Бір немесе үш картадан таратып, тақтадағы барлық карталарды жинаңыз
• «Дәстүрлі» немесе «Вегас» ұпай ережелерімен ойнаңыз
Spider Solitaire:
• Spider Solitaire ойынында сізді сегіз (8) карта бағаны күтеді
• Бағандардың барлығын мейлінше аз жүріспен тазалаңыз
• Бір түсте ойнаңыз немесе барлық төрт (4) түсте ойнап көріңіз
FreeCell Solitaire:
• Барлық Solitaire карта ойындарының ішіндегі ең стратегиялық ойын
• Барлық карталарды тақтадан тазарта отырып карталарды жылжыту үшін төрт бос ұяшық кеңістігін пайдаланыңыз
• FreeCell Solitaire бірнеше қадам алға ойлайтын ойыншыларды марапаттайды
TriPeaks Solitaire:
• TriPeaks Solitaire ойынында карталарды бірізділікпен таңдап, комбо ұпай жинаңыз және тақтаны тазалап көріңіз
• Әлемдегі ең сүйікті классикалық карта ойынында КӨҢІЛДІ серуен
• Solitaire ойындарының ең тыныш, мазаны алмайтын нұсқасы
Pyramid Solitaire:
• Pyramid Solitaire ойынында тақтадан алып тастау үшін қосындысы 13 болатын екі картаны біріктіріңіз
• Пирамиданың шыңына жету үшін өзіңізді сынаңыз және мейлінше көп Solitaire тақталарын тазалаңыз
• Классикалық карта ойындарының ең жаңа нұсқасы
Күнделікті тапсырмалар мен Шаралар:
Бес (5) ойын режимінің барлығында әртүрлі қиындық деңгейімен күнделікті жаңа карта ойындарын ойнаңыз! Күнделікті тапсырмаларды орындап, Solitaire белгілері мен марапаттарын алыңыз! Бірнеше тапсырманы өткізіп алдыңыз ба, әлде кері қайтып, өткен тапсырмаларды орындағыңыз келе ме? Марапаттарыңызды сақтау, үлгеріміңізді бақылау және тіпті басқа ойыншылармен сайысу үшін Microsoft тіркелгісімен жүйеге кіріңіз.
Тақырыптар мен карта арқалары:
Microsoft Solitaire Collection жинағында картаңызды ойындағы көңіл-күйіңізге сәйкестендіру үшін бірнеше тақырып бар. «Классикалық» қарапайымдықтан бастап Аквариумның жайлылығына, Жағажайда тынығуға, Қараңғы режимінің талғампаздығына немесе тіпті 1990-жылдардағы Ретро көрінісі бар карталарды пайдаланып өткен шаққа саяхаттауға дейін. Осынша көп нұсқаның ішінен қайсысы сүйікті көрінісіңіз болар екен?
Үлгеріміңізді сақтаңыз:
Ойыншы статистикаңызды, XP ұпайларыңыз бен деңгейіңізді сақтау, жетістіктерге жету және Шараларда ойнау үшін Microsoft тіркелгісімен жүйеге кіріңіз. Ойынды тоқтаған жерден жалғастыру және Solitaire ойынын кез келген жерде ойнай беру үшін бір Microsoft тіркелгісімен бірнеше құрылғыға кіріңіз. Ойынды жарнамасыз ойнау үшін Xbox Game Pass тіркелгісіне қосылыңыз!
ҮЗДІК Solitaire карта ойындарының 30 жылдығын дәл осы Microsoft Solitaire Collection ойындар жинағында атап өтіңіз!