AccuWeather атауы жайдан-жай таңдалған жоқ. Ең дәл ауа райы болжамдарын беру қабілетін дамыта келе, «AccuWeather» атауының өзі ең маңызды өніміміздің мәнін ашатын брендімізді де дамыттық. Компа��ия ретінде біз күнделікті аянбай жұмыс істеп, үнемі әлемнің ауа райы мәліметтерімен қамтамасыз ететін ең үздік әрі ең дәл ақпарат көзі болуға тырысамыз.
Дүниежүзінде шамамен 1,5 миллиардтан астам адам өмірлерін жоспарлау, бизнестерін қорғау және күнін барынша пайдалы өткізу үшін күнде AccuWeather қызметіне жүгінеді. AccuWeather компаниясы Superior Accuracy™ қызметі арқылы 100-ден астам тіл мен диалектіде, әлемнің барлық жерлерінде бірегей болжамдар ұсынады. Орындардың саны ауа райы ақпаратымен қамтамасыз ететін басқа кез келген үкіметтік және жеке-меншік қызметтердің болжам беретін орындарының санынан асады.
AccuWeather ең соңғы ауа райы жаңалықтары мен ақпаратын, сондай-ақ мекенжайыңызға немесе GPS қызметі анықтаған орныңызға дәл есептелген, келесі екі сағаттың әрбір минутына жауын-шашын болжамын қамтамасыз ететін AccuWeather MinuteCast® сияқты бірегей және жеке-меншік мүмкіндіктерді ұсынады. Бұл мүмкіндік жауын-шашын түрі мен күші, сондай-ақ тұрған жеріңізде жауын-шашынның басталу және аяқталу уақыттарын қамтитын 120 минуттық қорытынды ұсынады. MinuteCast®Құрама Штаттарға жақын аумақтарда, Канада, Швеция, Дания, Ұлыбритания, Ирландия, Жапония, Франция, Испания, Германия, Бельгия, Андорра, Норвегия, Финляндия, Эстония, Швейцария, Нидерланд, Люксембург, Гибралтар, Лихтенштейн және тізімі үнемі толықтырылып отыратын басқа жерлерде қолжетімді.
AccuWeather қызметінің күнделікті істеріңізді жоспарлауға көмектесетін ауа райы мәліметтерімен ең соңғы ауа райы болжамынан хабардар болыңыз. Мазмұн құрамында:
• Ағымдағы ауа райын бақылау мәліметтері
• Ауа райы болжамының қорытындысы мен егжей-тегжейі
• Жергілікті / қысқа мерзімді шолу болжамдары
• Анимацияланған радар мен спутник кескіндері
• Бейнелер
• Басқалар
*Мазмұн мекенге қарай әр түрлі болады.