Қайда барсаңыз да Microsoft OneDrive бағдарламасымен көбірек әрекет орындаңыз. Құжаттарыңызға, фотосуреттеріңізге және басқа да файлдарыңызға Windows 10 телефонынан, ДК немесе Mac компьютерінен және өзіңіз пайдаланатын басқа да құрылғылардан қатынасыңыз және оларды ортақ пайдаланыңыз. Қай жерде болсаңыз да, өнімді әрі бірлесе жұмыс істеу үшін, Office мобильді бағдарламаларын пайдаланыңыз. Windows 10 жүйесіне арналған OneDrive бағдарламасы жолда болған кезіңізде жеке және жұмысқа қатысты файлдарыңызбен оңай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
• Тегін онлайн сақтау орнында файлдарды сақтап, ортақ пайдаланыңыз.
• OneDrive файлдарын Word, Excel, PowerPoint және OneNote сияқты Office бағдарламаларында жылдам ашып, сақтаңыз.
• Автоматты белгілеу функциясының арқасында фотосуреттерді оңай табыңыз.
• Сүйікті фотосуреттеріңіз бен бейнелеріңіз бар альбомдарды ортақ пайдаланыңыз.
Ескертпе: Бизнеске арналған OneDrive қызметіне кіру үшін, ұйымыңызда расталған SharePoint Online немесе бизнеске арналған Office 365 жазылым жоспары болуы қажет. Жергілікті каталогтағы тіркелгімен кіре алмайсыз.
Бұл бағдарлама Microsoft корпорациясымен қамтамасыз етілген. Microsoft корпорациясына осы дүкенді және бағдарламаны пайдалану барысында қамтамасыз етілетін деректерге қатынасу мүмкіндігі беріледі және олар АҚШ-қа немесе Microsoft корпорациясы немесе филиалдары орналасқан басқ елдерге жіберіледі, сақталады және өңделеді.