Microsoft PowerPoint ─ Windows телефондарында және планшеттерінде (экран өлшемі 10,1 дюйм не одан да кіші) көрсетілімдерді қарап шығу, жеткізу және жасауға арналған ең үздік бағдарлама. *2021 жылдың 12 қаңтарынан бастап бұл бағдарламаға Windows 10 Mobile жүйесін пайдаланатын телефондарда қолдау көрсету тоқтатылады. Қосымша мәліметтерді https://aka.ms/OfficeWindows10MobileEOS веб-сайтынан алыңыз.*
*** Көрсетілімдерді жұмыс үстелдерінде, ноутбуктарда, үлкен планшеттерде және . телефондарға арналған Continuum технологиясы* арқылы өңдеу үшін Office 365 жазылымы қажет. Қосымша ақпарат алу үшін, талаптарды қараңыз. ***
ЖОЛ ҮСТІНДЕ КӨРСЕТУ
• Телефоныңыздан немесе планшетіңізден қайталаңыз және көрсетіңіз.
• Негізгі тақырыптарды ерекше бөліп көрсету үшін, көрсету барысында слайдтарда сурет салыңыз.
ЖОЛ ҮСТІНДЕ ҚАРАП ШЫҒУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ
• OneDrive, SharePoint, және Dropbox қызметімен біріктіру арқасында файлдарға кез келген жерде қол жеткізіңіз.
• Сақтау жөнінде алаң болмаңыз: планшетіңізде немесе телефоныңызда өңдеген кезде, PowerPoint бағдарламасы сіздің жұмыстарыңызды сақтайды, сондықтан оны сақтау қажет емес.
• Бірнеше рет түрту арқылы көрсетілімдерді ортақ пайдаланыңыз және оларды қарап шығу үшін басқаларды шақырыңыз.
• Топ ретінде жұмыс істеңіз және көрсетілімдерді басқалармен бір уақытта өңдеңіз.
• Дұрыс пәрменді жылдам табыңыз. «Маған айту» функциясы сізді қажет мүмкіндікке апарады.
СЕНІМДІЛІКПЕН ЖАСАУ
• Көрсетілімдеріңізді үлкен экранда өңдеу және қарап шығу үшін, телефоныңызды ДК құрылғысы ретінде пайдаланыңыз.
• Жобаларыңызды керемет жасақталған тақырыптармен іске қосыңыз.
• Оқиғаңызды сипаттау үшін таныс, керемет пішімдеу мүмкіндіктерін пайдаланыңыз.
• Пайдаланатын құрылғыңызға қарамастан, көрсетілім дизайны мен орналасуы бұрынғы күйінде қалады және сыртқы көрінісі керемет болады.
ТАЛАПТАР
PowerPoint бағдарламасының бұл нұсқасы телефондар мен планшеттер (экран өлшемі 10,1 дюйм немесе одан шағын) үшін жасақталған. Ол құрылғыларда PowerPoint көрсетілімдерін тегін қарап шығуға, жасауға және өңдеуге болады. Қосымша мүмкіндіктерді пайдалану үшін, расталған Office 365 жазылымы қажет. www.office.com/information мекенжайынан қосымша ақпарат алыңыз.
Үлкенірек планшеттерде, ноутбуктарда және жұмыс үстелдерінде көрсетілімдерді тегін қарауға болады. Көрсетілімдерді жасау және өңдеу үшін, расталған Office 365 жазылымы қажет. Сонымен қатар, Office 365 қызметі жұмыс үстелдері мен ноутбуктарда пайдалану үшін ұсынылатын Word, Excel, PowerPoint, OneNote және Outlook бағдарламасының соңғы жұмыс үстелі нұсқаларын қамтиды. Бағдарлама ішінде Office 365 қызметіне тіркеліп, алғаш рет тіркеліп жатқан жағдайда, бір ай тегін жазылымға ие бола аласыз.
* Телефондарға арналған Continuum технологиясы тек таңдаулы айрықша Windows 10 телефондарында қолжетімді болады. Continuum технологиясымен үйлесімді қосымша құрылғы, сонымен қатар, HDMI кірісіне қолдау көрсететін сыртқы монитор қажет.