Microsoft Excel ─ Windows телефондары мен планшеттерінде (экран өлшемі 10,1 дюйм не одан да кіші) электрондық кестелерді қарап шығу, жаңарту және жасауға арналған ең үздік бағдарлама. *2021 жылдың 12 қаңтарынан бастап бұл бағдарламаға Windows 10 Mobile жүйесін пайдаланатын телефондарда қолдау көрсету тоқтатылады. Қосымша мәліметтерді https://aka.ms/OfficeWindows10MobileEOS веб-сайтынан алыңыз.*
*** Электрондық кестелерді жұмыс үстелдерінде, ноутбуктарда, үлкен планшеттерде және телефондарға арналған Continuum технологиясымен* жасау және өңдеу үшін, Office 365 жазылымы талап етіледі. Қосымша ақпарат алу үшін, келесі талаптарды қараңыз. ***
ЭЛЕКТРОНДЫҚ КЕСТЕЛЕРДІ ЖОЛ ҮСТІНДЕ ЖАСАУ
• Электрондық кестелер телефоныңыз бен планшетіңізде тамаша көрінеді: формулалар, кестелер және шартты пішімдеу - осының барлығын осы жерден табуға болады.
• Тоқтаған жеріңізден жалғастыру: Excel бағдарламасы құрылғылар арасында ауыстырғанның өзінде сіздің тоқтаған жеріңізді есте сақтайды.
КЕЗ КЕЛГЕН ЖЕРДЕ ҚАРАП ШЫҒУ ЖӘНЕ ЖАҢАРТУ
• OneDrive, SharePoint және Dropbox қызметімен біріктіру арқасында файлдарыңызға кез келген жерден қатынасыңыз.
• Саусағыңызбен түрту арқылы өзгерістерді жылдам енгізіңіз. Бағандарды сүйреңіз және жұмыс парақтарын жылжытыңыз. Деректер қосу, диаграммаларды пішімдеу және үлкен электрондық кестелерге өту үшін түртіңіз.
• Сақтау жөнінде алаң болмаңыз. Планшетіңізде немесе телефоныңызда өңдеген кезде, Excel бағдарламасы сіздің жұмыстарыңызды сақтайды, сондықтан оны сақтау қажет емес.
• Электрондық кестелерді бірнеше рет түрту арқылы оларды ортақ пайдаланыңыз және оларды қарап шығуға басқаларды шақырыңыз.
• Қажетті пәрменді тез арада табыңыз. «Маған айту» параметрі сізді қажетті мүмкіндігіңізге апарады.
СЕНІМДІЛІКПЕН ЖАСАУ
• Электрондық кестелерді үлкен экранда өңдеу және қарап шығу үшін, телефоныңызды ДК құрылғысы ретінде пайдаланыңыз.
• Жобаларыңызды уақытты үнемдейтін үлгілермен бастаңыз.
• Тікелей бекітілген ортақ функциялары бар экран пернетақтасымен формулалар қосыңыз.
• Идеяларыңызды көрсету үшін бұрыннан таныс, керемет пішімдеу және орналасу параметрлерін пайдаланыңыз.
• Пайдаланатын құрылғыңызға қарамастан, электрондық кесте пішімі мен орналасуы бұрынғы күйінде қалады және сыртқы көрінісі керемет болады.
• Деректерді тармақталған карта, секторлық дөңгелек және каскадты диаграммалар сияқты жаңа диаграмма түрлерімен қарастырыңыз.
ТАЛАПТАР
Excel бағдарламасының бұл нұсқасы телефондар мен планшеттер (экран өлшемі 10,1 дюйм немесе одан шағын) үшін жасақталған. Сол құрылғыларда Excel электрондық кестелерін тегін қарап шығуға, жасауға және өңдеуге болады. Қосымша мүмкіндіктерді пайдалану үшін, расталған Office 365 жазылымы қажет. www.office.com/information мекенжайынан қосымша ақпарат алыңыз.
Үлкенірек планшеттерде, ноутбуктарда және жұмыс үстелдерінде электрондық кестелерді тегін қарауға болады. Электрондық кестелерді жасау және өңдеу үшін, расталған Office 365 жазылымы қажет. Сонымен қатар, Office 365 қызметі жұмыс үстелдері мен ноутбуктарда пайдалану үшін ұсынылатын Word, Excel, PowerPoint, OneNote және Outlook бағдарламасының соңғы жұмыс үстелі нұсқаларын қамтиды. Бағдарлама ішінде Office 365 қызметіне тіркеліп, алғаш рет тіркеліп жатқан жағдайда, бір ай тегін жазылымға ие бола аласыз.
*Телефондарға арналған Continuum технологиясы тек таңдаулы айрықша Windows 10 телефондарында қолжетімді болады. Continuum технологиясымен үйлесімді қосымша құрылғы, сонымен қатар, HDMI кірісіне қолдау көрсететін сыртқы монитор қажет.